15
ноябрь
2021
ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ЖАЛҒАСУДА
ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ЖАЛҒАСУДА
«Жамбыл-Өрлеу» институтының тренерлері тарапынан 15 қараша күні Байзақ ауданы, Талас ауылы, Николай Гоголь атындағы орта мектебінің базасында әдістемелік көмек ретінде семинар өткізілді.
Іс –шара барысында орта мектептің педагогтері мен жас мамандарына Кошкинбаева Жанар Сыихынбаевна «Оқытуда саралауды ұйымдастыру практикасы» тақырыбымен қолжетімді түрде саралаудың әдістерін меңгертуді сонымен қатар әртүрлі оқушының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін айқындай отырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар мен тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарын жүзеге асыруды ұсынды.
Аманова Гульхан Сабырханқызы «Құрылымдық нұсқаулықтар арқылы оқушылардың жазылым дағдысын арттыру» тақырыбында жұмыс жүргізді.Семинар барысында тәжірибе жасау арқылы оқушылардың жазылым дағдысын дамытуда графикалық органайзер мен тірек сызбалардың тиімділігі және смартфонды қолдану арқылы нұсқаулық мәтін жазудың ерекшеліктері зерделенді.
Есмырзаева Аманкуль Орынбаевна екінші тоқсан барысындағы жаңашылдық ҚР Білім және Ғылым министрінің 16 қыркүйектегі №472 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау жолдарын семинар қатысушыларымен бірге талқылады және жасау жолдарымен бөлісті.
Эльмира Мирзалиева
«ЖжГПОӘ» кафедрасының меңгерушісі




