12
май
2025
«Жолда жүру ережелерімен таныстыру» тақырыбында танымдық іс-шара өтті
2025 жылдың мамыр айында мектеп оқушыларына арналған «Жолда жүру ережелерімен таныстыру» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және сақтық шараларын санаға сіңіру. Шара барысында оқушыларға жаяу жүргінші мен жүргізушіге қойылатын негізгі талаптар, жол белгілерінің мағынасы, сонымен қатар қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді. Іс-шара балалардың жол ережелерін білуге деген ынтасын оятып, қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.



