13
декабрь
2021
"Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті" тақырыбында дөңгелек үстел,әрі кездесу өткізілді
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай "Жомарт түлек-2021" жобасын іске асыру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен сынып жетекші: Сабденбекова Ж. М-ның ұйымдастыруымен "Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті" тақырыбында дөңгелек үстел,әрі кездесу өткізілді.Кездесудің құрметті қонағы- мектебіміздің танымал түлегі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ерекше дарын иесі—Азизов Сейдрахман Сейдахметұлы. Кездесу барысында өзінің өнегелі өмірі, шығармашылығы, мектеп жасындағы қызығушылығы, өз кәсібінің майталманы болу жолындағы табандылығы жайында әсерлі әңгімесімен бөлісті. Оқушылар көкейіндегі түрлі сұрақтарды бірге талқылап, ой бөлісті. Жомарт түлегіміз мектебімізге сыйлық ретінде керемет 3 туындысын табыс етті.Сонымен қатар мектеп директоры: Н. Т. Телтаев оқушыларымыздың бойында патриоттық сезімдерін оятып, кәсіби бағыт-бағдар берудегі үлесі үшін танымал түлегіміз:Азизов С.С-на мектеп атынан Алғыс хат табыс етті.







