09
февраль
2022
"Соғады жүрек"атты мәнерлеп оқу сайысы
Николай Гоголь атындағы орта мектебінде кітапханашылар мен тәлімгер Аэлита Ушкемпировнаның ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтің туған күніне арналған "Соғады жүрек"атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Бұл сайыстың басты мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,поэзия құдіретін таныту, талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.Сондай-ақ оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Бүгінгі сайысымызға 5-7 сынып арасындағы окушылар қатысты.Алдымен, қатысушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет берілді және оқушылар өздері жаттаған өлеңдерін кезекпен айтып берді. Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынды 7"В" сынып оқушысы Файзуллаева Айлин және 6"Ә" сынып оқушысы Сабырхан Саялы алды.

