16
февраль
2022
"Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!"атты кездесу өткізілді.
Николай Гоголь атындағы орта мектебінде кітапханашылар мен мектеп тәлімгері Күзембаева Аэлитаның ұйымдастыруымен "Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!"атты ауған соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу өткізілді.Бұл кездесуге Талас ауылының екі ардагері Сайдуллаев Карим Исрафилович пен Файратов Ферамус Магомедович қонаққа келді.Кездесудің басты мақсаты:
1.Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, окушыларды ұлтжандылыққа,Отанын сүюге тәрбиелеу.
2.Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
Мектеп кітапханасында "Өшпес ерлікке-мәңгі тағзым" атты көрме ұйымдастырылды.



