26
май
2022
Конституцияға енгізілетін өзгерістердің басты мақсаты – қоғамның Жаңа Қазақстанға деген сенімін арттыру.

Суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, Президенттің өкілеттіктерінің жартысын Үкіметке, Парламентке, жергілікті жерлерге беру – мемлекетті халықтың басқаруына тапсыру. Бұл жерде Конституцияға Президенттің өзінің өкілеттігін арттыратын, соған басымдық беретін ешқандай жаңа бап, жаңа норма енгізілген жоқ.
Конституциялық реформалар іс жүзінде жүзеге асуы үшін азаматтардың билікке деген сенімі болуы керек. Ал бұл сенім мемлекеттік басқару ісіне халықтың өзі кеңінен тартылып, барынша қатысқанда ғана туындайды. Сондықтан халық сеніміне ие болған билігі бар елдің негізін құру үшін менің де, сенің де референдумда өз көзқарасымызды білдіруіміз аса маңызды!

Республикалық референдумда халықтың дауыс беруіне «Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдайсыз ба?» сипатындағы бір ғана сұрақ шығарылады.
Бұл өзгерістер бір-бірімен тығыз ұштасып, байланысып жатқандықтан, Ата Заңға енгізілетін әр реформа бойынша емес, жалпы бір мәселе қойылады. Дауыс берушінің қолына «иә» немесе «жоқ» деген жауапты таңдауына мүмкіндік беретін бір ғана бюллетень беріледі. Мұндағы мақсат – әр өзгерістің бірін жоққа шығарып, бірін қолдау арқылы бей-берекетсіздік тудыру емес, олардың біртұтас жүйе ретінде ғана жұмыс істей алатынын көрсету, халыққа соны жеткізу.
Әлемдегі тәжірибеге сүйенсек, заңды қабылдаудың осындай тәртібі жұмыс істейді, ешбір елде енгізілетін әрбір өзгеріс бойынша жеке-жеке бюллетень жасалмаған.
Бүкілхалықтық референдумға қатысу арқылы халық қабылдайтын шешімге сіздің де қатысыңыз бар екенін дәлелдейсіз, демек, сіз референдумға барасыз!
Халықтың басым көпшілігі 5 маусымға белгіленген референдум туралы біледі. ОКҚ жүргізген сауалнамаларға сәйкес, респонденттердің 70%-ға жуығы дауыс беруге дайын.
Еліміздің тағдыры өзімізге байланысты екенін есте ұстаған жөн. Біз конституциялық түзетулерге негізделген жаңғыртулар бағытын таңдаймыз ба, әлде ескі жүйемен қаламыз ба?
Кем дегенде, қоғамдық пікір реформаны жақтайтындардың, референдумға баруға дайын адамдардың басым екенін көрсетеді.
Бұл ізгі ниетімізді бүкілхалықтық дауыс беру күні де паш етейік!
Қазақстан қоғамы адами құндылықтарды тек заң жүзінде бекіткен, ал іс жүзінде кез келген жолдарымен өздерін байытуға ғана тырысқан бұрынғы биліктің бос уәделеріне әбден тойған.
Президент Тоқаев барлық құндылықтарды қайта қарастырып, билігі алдауға, тонауға жол бермейтін Жаңа Қазақстанды құруды ұсынды. Ол үшін Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің билік өкілеттіктерінің деңгейін реттейтін, әділ «ойын ережелерін» белгілейтін, адам құқықтарын кеңейтетін конституциялық түзетулер бүкілхалықтық талқылауға шығарылады.
Бізге бір ғана нәрсені жасау керек – 5 маусымда өтетін референдумда Президенттің жаңарту бағытын барынша қолдауымыз керек.
Халықтың конституциялық өзгерістерді қолдауы екі жағдай арқылы көрініс береді.
Біріншіден, Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер қабылдануы үшін референдумға дауыс берушілердің қажетті саны қатысуы тиіс. Орталық референдум комиссияның мәліметтері бойынша, қазір сайлаушылар тізілімінде 11 695 439 азамат бар. Ал референдум өтуі үшін оған сайлаушылар тізіліміне енгізілген Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі, яғни, шамамен 6 млн адам қатысуы керек.
Екіншіден, халық нендей өзгерістерге дауыс беретінін білуі аса маңызды. Сол үшін Ата Заңға енгізілетін түзетулер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Яғни, конституциялық өзгерістер нәтижесінде елімізде қандай іргелі өзгерістердің орын алатынынан азаматтардың назарына ұсынылды.
Республикалық референдум әр қазақстандыққа бұрын-соңды болмаған саяси, қоғамдық, құқықтық мүмкіндіктерді ұсыну мақсатында өткізіледі. Сондықтан референдумға бәріміз бірге барайық!
Референдум арқылы жүзеге асатын саяси реформалар әр қазақстандық үшін мол мүмкіндіктерге жол ашады.
Осыған дейін Қазақстанда қандай да бір партия құру үшін 20 мың адам жинап, барлық өңірлерде филиалдарын ашу керек еді. Яғни, партияны тіркеу үшін азаматтар көп кедергіге тап болатын.
Енді 5 мың адамның қолы жиналса, партия құру үшін жеткілікті. Сонымен қатар партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санын үштен бірге, 1000-нан 700 адамға дейін қысқартылады. Партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Яғни, енді партияны аз күшпен құруға болады.
Бұл өзгерістер елімізде жаңа саяси күштердің пайда болуына, партиялар арасында шынайы бәсекелестіктің орнауына ықпал етеді. Халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөліп, оны жеткізуге деген ұмтылыстары арқылы партиялардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.
Референдумда дауыс беру арқылы әр адам осындай мүмкіндіктер жүзеге асырылатын әр күнді жақындата түседі. Сондықтан әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!
Қазақстандықтардың азаматтық құқығын да, сайлау құқығын да, басқа құқықтарын да кеңейту – алдағы референдумға шығарылатын мәселенің басты басымдығы.
Конституциялық реформа арқылы халықтың мемлекетті басқару билігін арттыру үшін Президент өз өкілеттігін шектеп, бұқараға кеңінен мүмкіндік беруді көздеді.
Референдум халықтың саяси сауатын арттырып, Қазақстанда жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудың алғышарты болмақ.
Осы маңызды оқиға – референдумнан қалыс қалмайық!
Референдумға шығарылатын конституциялық реформа бойынша бірінші кезекте қазіргі кезде аса қажет саяси-экономикалық өзгерістер енгізілді.
Мәселен, көптеген шешімдер жергілікті деңгейлерде жүзеге аспай жатады. Себебі, осы уақытқа дейін кеңес заманынан қалған «орталық не айтады, Президент не дейді» деген сынды жоғарыға жалтақтау басым болды. Ал Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жергілікті басқару жүйесіне барынша дербестік беруді көздейді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың жауапкершілігін арттыру үшін оларға қаржылық дербестік, яғни өз бюджетін өз басқаруына мүмкіндік беріледі, ауыл, аудан, қала өз әкімдерін өздері сайлайтын болады. Осылайша оларға өз өңірлерін өздерінің дамытуына жол ашылады.
Өңірлер қуатты болуы үшін, мықты дамуы үшін жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне осындай дербестік беру қажеттілігі туындады. Себебі, олардың орталыққа тым көп жалтақтап, тым ұзақ келісуі жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің тиімді әрі уақытылы шешілуіне тосқауыл болып отыр.
Өзі тұратын өңірдің барынша дамып, тұрмыс жағдайының жақсаруын қолдайтын әр азамат референдумға қатысады!
Алдағы референдумда қазақстандықтар Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясына дауыс береді және қолдап дауыс берген жағдайда оны жүзеге асыруға мұрындық болады.
Жаңартылған Конституция негізінде заң жобалары әзірленіп, қабылданады. Барлық саяси-құқықтық өзгерістер биылғы жылдың соңына дейін енгізіледі. Ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның саяси жүйесі жаңаша жұмыс істей бастайды.
Жаңа Қазақстанға түбегейлі бетбұрыс жасаған, барынша халықтың мүддесіне бағдарланған мемлекетте өмір сүруді қалайтын болсақ, референдумға қатысайық!
Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік басқарудың барлық саласында ашықтықты, жариялылықты арттыру.
Референдумда конституциялық реформалар қабылданған жағдайда республикалық бюджеттің әр теңгесінің жұмсалу есебінің халық алдында ашық болуы артады. Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палата Мәжіліс депутаттарының алдында жылына екі рет есеп беретін болады.
Өңірлерде мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл жергілікті жерлерде бюджеттің атқарылуын мәслихаттар өз бақылауына алады деген сөз.
Өз өңірінің өсіп-өркендеуі үшін барынша мол мүмкіндіктің жасалғанын көргісі келетін әр қазақстандық дауыс береді!
Қазақстандықтар алдағы референдумда дауыс беретін өзекті реформаның бірі – сайлау құқығының артуы.
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша депутаттарға императивті мандат беріледі.
Императивті мандат дегеніміз – кез келген сайлаушы мажоритарлық жүйемен өзінің депутатын сайлаған соң ол депутат өзінің сайлауалды берген уәделерін жүзеге асырмаса, сайлаушылардың алдындағы өзі міндетін орындамайтын болса, онда сайлаушылардың оның депутаттық мандатын кері қайтарып алуға мүмкіндігі пайда болады.
Демек, референдум арқылы халықтың мемлекетті басқару құралы пайда болады. Ол үшін Ата Заңға өзгерістер енгізіледі, соның негізінде сайлау туралы, саяси партиялар туралы, жергілікті өзін өзі басқару туралы және тағы басқа заңдарға өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған Конституция осы жаңа заңдарға негіздеме бола алады.
Конституциялық реформа бойынша депутаттың қандай да бір саяси партияның мүшесі болуы міндетті емес. Реформа әсіресе, ауыл, аудан, қала деңгейінде сол өңірдің тыныс-тіршілігін жақсы білетін азаматтың депутат болып сайлануына, тіпті өзін-өзі депутаттыққа ұсынуына мүмкіндік береді. Халық алдында беделі бар азамат өзінің саяси платформасын ұсынып, бір мандаттық округ арқылы шығып, депутаттыққа сайлану мүмкіндігіне ие болады.
Мемлекеттік басқаруға еліне шынайы жанашыр азаматтардың келуін қаласақ, референдумды қолдайық!
До назначенного дня всенародного голосования остается все меньше времени. Чем ближе финиш, тем весомее поддержка как самого референдума, так и курса Президента на реформы, на Новый Казахстан.
Вот и последние замеры общественного мнения, проведенного Службой центральных коммуникаций при Президенте, показывают значительный рост интереса населения к конституционным поправкам. 78,5% процента опрошенных знают о референдуме 5 июня, 72,01% поддерживают идею его проведения.
Надо от слов перейти к делу – пойти 5 июня на избирательный участок и проголосовать за реформы.
Служба центральных коммуникаций при Президенте продолжает держать руку на пульсе предстоящего 5 июня референдума. Последний социологический опрос, проведенный 17-19 мая, показал рост информированности о референдуме на 7 % по сравнению с предыдущим исследованием, состоявшимся неделей ранее. Тех, кто собирается прийти на референдум, стало более 68% или на два пункта больше.
Как известно, на референдум вынесены конституционные поправки, которые обновят Основной закон на треть в случае одобрения. А это зависит от каждого из нас.
Кто за новое – голосуйте 5 июня в поддержку президентских реформ.