Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2 53 44
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (771) 335 7570
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » Мектеп педагогінің бос лауазымына конкурс жариялау хабарландыруы
25
август
2025

Мектеп педагогінің бос лауазымына конкурс жариялау хабарландыруы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Николай Гоголь атындағы орта мектебі» КММ 
КОНКУРС жариялайды:
Конкурс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен  бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" сайтына жарияланды
Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
1. Мектеп алды даярлық тобы /орыс сыныбы/ - 16 сағат /тұрақты/
Құжаттарды 2025 жылдың 25 тамызынан 04 қыркүйек  аралығында Ұлттық білім беру деректер қоры /НОБД/ бойынша  және мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын,
сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив