Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2 53 44
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (771) 335 7570
Нашар көрушілір
нұсқасы
20
ноябрь
2018

Мектеп тарихы

Н.В. Гоголь атындағы орта мектеп

Қазіргі  таңда ауыл өмірінде тәрбие мен білімнің қайнар көзі, негізгі бастауы болып отырған бірден-бір мекеме – мектеп. Тарих қойнауына үңіліп қарайтын болсақ, 76 жылдық тарихы бар Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінің  құрылуы осы ауылдың құрылуымен тұспа-тұс келеді. Жамбыл қант зауыты мен Қызылша кеңшарының құрылысын салу жөніндегі жарлық 1931 жылы шықты.   1932 жыл Қызылша кеңшарындағы жұмысшыларға арналып соғылған жатахана бастауыш мектебі болып ашылды. Сафронова Евдокия сол мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.1935 жылы бастауыш мектеп 7 жылдық мектепке көшті. Алғашқы директоры болып Бондаренко Григорий Спиридонович тағайындалды.

Бондаренко Григорий Спиридонович

1914 жылы Орынборда туған. 8 жастан мектепке барып жетінші сыныпты бітірген соң Өзбек педагогикалық техникумына түскен. Осы оқуды бітірген соң  аталған мектепке директор болып жұмысқа келеді. Сол жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институтқа сырттай оқуға түседі. 8 жыл еңбегінен соң 1942 ж. соғысқа аттанды. Ол Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысып, 1943 жылы Ленинград қаласында батырлықпен Отан үшін жан қиды. 

Қызылша кеңшарының мектебіне 105 разъезд, ІІ бөлімше, Қызыл жұлдыздан және т.б  ауылдардан оқушылар қатынап оқыды. 1939 жылы мектеп бірінші түлектерін ұшырды. Бірінші түлектер: Козырев Андрей Иванович, Василенко Кузьма Васильевич, Стишенко В. және т.б.

1942 жылы Бондаренко Г.С. соғысқа кеткен соң,  мектеп директоры болып Кожеспаев Карим Кожеспаевич қызмет етті. Сыйымдылығы 960 оқушыға арналған мектептің жаңа төрт қабатты ғимараты 1973 жылы соғылған. Мектеп директоры болып Садырбаев Жұмаділ Садырбайұлы тағайындалды.

Зұлқашева Мүлтипа Зұлқашқызы

Осы мектепте қажымай көп жылдар еңбек етті. 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, өз білімін одан әрі көтерді. Өз ісінің шебері, іскер ұйымдастырушы Мүтипа әпкейге мектепті басқару ісі жүктелді. 1935-1975 жылдар аралығында мектеп директорының  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсы жолға қойып, мектептің материалдық оқу базасын нығайтқандығы үшін аудандық, облыстық мақтау қағаздармен марапатталды.

Мүлтипа Зұлқашқызы Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

1975-1980 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды.  1981-1982 жылдар аралығында  Свердлов ауылдық кеңесінің төрайымы қызметіне сайланды.

1982 жылдың қараша айында 50 жасқа толып, 5 баланы тәрбиелеп өсіргені үшін еңбек демалысына шықты. Зейнеткерлікке шықса да оқу-тәрбие жұмысын тоқтатпай , 2002 жылға дейін 70 жасқа толғанша Н.В.Гоголь мектебінде жұмыс атқарды. Қоғамдық жұмыстан бас тартқан кезі болған жоқ. Ауылда аймақтық кеңесінің әйелдер төрайымы қызметін атқарды. Мүтипа Зұлқашқызы барлық өмірін білім беру саласына арнаған керемет қарапайым, жаны жайсаң, кең пейілді, жүрегі жомарт жан еді. Оның бейнесі балалары мен немерелерінің, өзінен білім алған оқушылары мен қызметтес ұзтаздардың және ауыл тұрғындарының жүректерінде мәңгі сақталды.

1980 – 1984ж.ж аралығанда  мектеп директоры Қалмұратов Шахизада Төлебайұлы.  Шахизада Төлебайұлы Қызылорда облыс, Тереңөзек ауданы, Қараөзек ауылында дүниеге келген. 1962-1964 жылдары Қызылорда облысының Н.В.Гоголь атындағы пед. институтында оқыды.  1964-67 жылдары Жамбыл облысы Свердлов ауданындағы Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінің кешкі мектебінде мұғалімдік қызметін атқарады. 1967 жылы  осы мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1971 жылы  М.Маметова  атындағы мектептің директоры, 1978 жылы Политотдел орта мектебінің директоры, 1980  жылы Н.В.Гоголь  атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 1997 жылға дейін өзінің еңбек жолын білім саласында   жалғастырып, Жамбыл облысы темір жол бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта  ққұрметті демалыста.

1984-1988ж.ж. аралығанда Маркус Григорий Богданович мектеп директоры болды. 1988-1990ж.ж. аралығында Сейдалиев Жанат Әмірбекұлы мектеп директоры болды. Сейдалиев Жанат Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Қызыларалық ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы қаласындағы пед.институттың дене шынықтыру факультетіне түсіп, 1988 жылы бітіріп шықты. 1988 жылдан бастап Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінде  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып  еңбек жолын бастады. Осы мектепте 1989 жылдан оқу ісінің меңгерушісі қызметін, 1990 жылдан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 1992 жылы Свердлов ауданы ( қазіргі Байзақ) комсомол ұйымының бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы Алматы қаласындағы заң факультетінде оқып, сол жылы Медеу ауданында тергеуші қызметін атқарды.1998 жылы Алматы қаласындағы Бостандық ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлімінің бастығы болып  тағайындалды. 2004 жылы Қарағанды қаласында прокурордың көмекшісі қызметін атқарды. 2006-2008 жылы Орбита ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы»  бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 

1991-1993 жж. аралығында мектеп директоры Қазбеков Қайыр Тілепұлы.

1993-1994жж. аралығында мектеп директоры Білдібаев Әбілек Атамқұлұлы.

1994-1998 жж. аралығанда мектеп директоры  Свинковская Нина Анатольевна.

Свинковская Нина Анатольевна

1958 жылы Жамбыл облысы, Байзақ  ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Байзақ ауданының Талас  ауылында 1- сыныпқа білім алуға келді. 1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы орта мектепті аяқтап, Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. Институтті бітірген, Н.В.Гоголь атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қабылданады. 1979 жылдың қаңтар айында  директордың тәрбие ісі жөніндегі   орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте 8 жыл айтарлықтай қызмет атқарды. 1987 жылы Байзақ ауданының әдістемелік бөлімінің орынбасар қызметінде болды. Бұл жерде 4 жыл еңбек етеді.  1991 жылы Н.В.Гоголь атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалады. Осы қызметті 4 жыл атқарып, 1995 жылдан 1999 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.

1999 жылдан бастап,  қазіргі уақытқа дейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды. Өзінің талмас, ұзақ еңбек жолында  көптеген алғыс хаттарымен, дипломмен марапатталды.

1998-2002ж.ж. аралығында мектеп директоры Шайсламова Раиса болды.

Раиса Шайсламова

1950 жылы 16 маусым күні Жамбыл ауданы  Бірлесу-еңбек ауылында дүниеге келді. 1966-1967 жылы Бірлесу-еңбек сегіз жылдық мектебінде аға тәлімгер болып еңбек жолын бастады. 1968-1972 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқып, математика мұғалімі мамандығын алып шықты. 1972 жылдың 15 тамызынан  Луговой ауданы Қызыл Шаруа сегіз жылдық мектебінде жолдамамен 1973 ж. 10 қазанға дейін жұмыс істеді. 1973 жылдың  қарашасынан Жуалы ауданындағы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы мектебінде математика мұғалімі  болып, 1975 жылдың 3 тамызына  дейін жұмыс істеді. Жанұясының қоныс аударуына байланысты  1975 жылдың 19 тамызынан 1977ж. 22 маусым айына дейін  Жамбыл ауданы Бірлесу –еңбек сегіз жылдық мектебінде жұмыс істеді. Тұрмыс құруына байланысты 1977ж. 1 тамыздан бастап Байзақ ауданы Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 01.09.1983ж-2.03.1989ж. аралығында Қызылша кеңшарының І бөлімшесінде  бала бақша меңгерушісі  қызметін атқарды. 1989 жылы осы  мектепке мұғалім болып қайта оралды. 1996 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 15.06.1998ж. мектеп директоры қызметіне тағайындалды. 05.10.2003 ж. бастап қатардағы мұғалім болып жұмыс атқаруда.

2002-2005 ж.ж. аралығынада  мектеп директоры  болып Төребаев Сарсенбай Полатұлы  тағайындалды. 

Төребаев Сәрсенбай Полатұлы

1962 жылы 4 сәуірде Қарақалапақстан Республикасы Хожелі қаласында дүниеге келді. 1979 жылы Т.Г.Щевченко атындағы Нүкіс мемлекеттік университетіне  түсіп, 1989 жылы оның қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.   Төребаев С.П. 1992 жылы Байзақ ауланы Үлгілі ауылы, Үлгілі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі қызметін атқарды, 1994 жылы Киікбаев атындағы орта мектепке ауысты, ол мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдік қызметін атқарып, осы мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі  қызметін атқарды. 1997-1999 жылдар аралығында Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепте  директор қызметін атқарды. 2000-2002 жылдар аралығында Үлгілі орта мектебінде директор болды. 2002-2005 жылдар аралығында Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінде директор қызметін атқарды.

2005 жылдан бастап СейдалиеваАйсара Рашбайқызы мектеп директоры қызметін атқаруда.

Сейдалиева Айсара Рашбайқызы

1966 жылы 25 қазанда Жамбыл облысының Свердлов ауданынындағы Красная звезда ауылында дүниеге келген.  1974 жылы Красная звезда  сегіз жылдық мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1982 жылы бітіріп, осы жылы Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесінің  «Сурет және сызу»  бөліміне оқуға түсіп, 1986 жылы «Сурет және сызу» пәні мұғалімі мамандығын алды. 1986 жылы Абай атындағы училищесін бітірген соң өзінің еңбек жолын Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде сурет және сызу пәнінің мұғалімі болып бастады.  Сызу және сурет мұғалімдігімен бірге тәлімгерлік қызметін атқарды.

1987 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, аталған  оқу орнын 1994 жылы бітіріп, 1991 жылы осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  болып ауысты. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бере жүріп  1998-2002 жылға дейін кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қосымша жұмыс атқарды. 2002-2003 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2002-2003 жылдары Білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылғы мүлткісіз және белсенді еңбегі үшін облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2003 жылы Қызыл жұлдыз сайлау округінен Байзақ аудандық мәслихатына депутат болып сайланды. 2005 жылы Байзақ ауданындағы Н.В.Гоголь орта мектебінде директор  тағайындалды. 2006 жылы тамыз айында аудандық білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен ауданның қоғамдық жұмысына белсене қатысқаны үшін Байзақ ауданының мәслихатынын Құрмет грамотасымен марапатталды. 2007 жылы қаңтар айында білім беру мекемесінің жұмысын жетілдіруле, әлеуметтік және ауданның қоғамдық жұмысына белсенділікпен атқарудағы жетістіктері үшін марапатталды. 2007 жылы аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды. 2007 жылы Байзақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі, аудан өміріндегі қоғамдық жұмыстарды және өз міндеттерін орындаудағы белсенді қызметі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сейдалиева Айсара  өз ісінің адал да белсенді атқарушысы. 

 «Мұғалім, ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым..»

Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнап, қазіргі уақытта зейнеткерлік  демалыстағы ардагер ұстаздарымыз:

Савчева Галина Семеновна – мектепте46 жыл жұмыс атқарып, бала тәрбиесіне зор үлес қосқан ұстаз.


Соғыс жылдарында бастауыш сынып оқушыларына дәріс берумен қатар жоғары сынып оқушыларына әскери дайындық сабақтарын жүргізіп, Құрмет грамоталары және медальдармен марапатталған.

Краснова Александра Алексеевна, талмай еңбектеніп, бастауыш сынып оқушыларына дәріс берген. 

Көшекбаев Ақылбек Көшекбайұлы 

1965 жылдан Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінде жұмыс атқарды. 1966 жылы тарих пәні бойынша обл. Білім басқармасының комиссия мүшесі, 50-ден астам ғылыми , оқу-әдістемелік  еңбекторының авторы.

Вейх Анатолий Васильевич

Еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.

1971 жылдан бастап мектепте математика пәнінің мұғалімі болып 35 жыл қызмет  атқарып, Свердлов ауданының , Министрлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Тараз рухы» атты Жамбыл облысы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

1976 жылдан бастап дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  болып жұмыс істеген Гайкова Вера Алекссевна аудандық, облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысқан, 50-55 жас аралығында Президенттік тестен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері.

Қонысбаева Флюра Ахмедовна   

Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. 

Сулейманов Мамед Сулейманович

1962-1972 жыл аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 1972 жылдан  зейнеткерлік жасқа дейін алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

Бейшенова Фатима Бейшенқызы  

Тарих мұғалімі, аудандық және Министрлер Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, медальмен марапатталған.

Әбілдаева Роза Қасымқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 15 кәсіподақ төрайымы қызметін атқарған, аудандық, облыстық  грамоталармен марапатталған, «Ұстаздар әулеті» облыстық байқауының жүлдегері.

Сағынбекова Написахан Қанабекқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, аудандық, облыстық грамоталармен марапатталған.

Бекжігітова Алтын Қошанқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, аудандық, облыстық грамоталармен марапатталған.

Ұстаздардың шынымен халық мүдесін ойлап, оның жарқын болашағы үшін қызмет істегенін анықтайын – тарих, бағалайтын – кейінгі ұрпақ...

Н.В.Гоголь атындағы орта мектебі  «Мұғалімнің әдістемелік шеберлігін жетілдіре отырып , оқушыларға шығармашылық, интелектуалдық қабілетін дамыту» тақырыбында жұмыс атқарады. 

Қазіргі таңда А.Р.Сейдалиева басшылық етіп отырған мектепте – тәрбие процесін ұйымдастыру және көтеру мақсатында оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасарлары – Т.Д.Төлеулиева, Н.Р.Күсемісов, А.Т.Баймұхамбетова, З.Б.Сәтбаева, тәрбие саласында – А.Т.Сүгіралиева, А.С.Спаналиева, педагог-психологтар – Т.С.Сүгірбекрва, Ғ.А.Көшекбаева, педагог-ұйымдастырушы Ғ.Ө.Рахимова, тәлімгер- З.К.Джушкунова, және балалардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында Қ.Ә.Әжібекова, К.О.Сартаева талмай еңбек етуде.

2005-2006 оқу жылында мектеп оқушыларының саны 784, мұғалімдер саны-84, жоғары санатты-6, І-санатты25, ІІ-санатты-21.

2006-2007 оқу жылында мектеп оқушыларының саны 771,  мұғалім саны-84, жоғары санатты-6, І санатты-31, ІІ санатты -23.

2007-2008 оқу жылында мектеп оқушыларының  саны-774, мұғалімдер саны – 89, жоғары санатты-8,  І санатты-35, ІІсанатты-25.

2008-2009 оқу жылында пектеп оқушыларының саны-752, мұғалімдер саны-84, жоғары санатты-9,  І санатты -33, ІІ-санатты-20.

Оқушылардың ұлттық құрамы: қазақ -123, орыс-11, түрік-335, күрд-206, өзбек -14, грузин-6, әзірбайжан-46, неміс-2, татар-3, балкар-2, кәріс-2, аджар-3, иран-1.Мұғалімдердің ұлттық құрамы: қазақ-69, орыс-11, түрік-5, өзбек-1, татар-1, кәріс-1.

ҚР Білім туралы Заңын жүзеге асыра отырып, мектепте оқушыларға сапалы білім берілуде. Оған дәлел қазіргі таңда мектепте 60 оқу озаты, 151 оқу екпіндісі бар, оқушылар мектепішілік  және аудандық  олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, 11 сынып оқушысы   

Касаткина орыс тілі пәнінен 1-ші орын, 10 сынып оқушысы Исмаил-оглы орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 3-ші орын, 9 сынып оқушысы Рогозина  физика пәнінен 3-ші орын иеленді, 10 сынып оқушысы Туғанбаев физика пәнінен шығармашылық жұмыспен айналысып, аудан көлемінде өткізілген «Жас физик» семинарына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.  Сондай-ақ мектепте оқушылар арасында тәрбиелік мәні зор көптеген мәдени іс –шаралар атқарылады. Мектеп оқушылары  аудан, облыс көлемінде өткізілетін байқаулардың жеңімпаздары. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында мектепте әр түрлі үйірмелер ұйымдастырылған, үйірмелерге 117 оқушылар қатысады. 

Мұғалім –мектептің жүрегі. Жүрек тамырлары тіршілік беріп, жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз оқушы, жансыз болып қала береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін дамыту, бала ойына сіңру  мен қалыптастыруда мұғалімнің орыны ерекше. 

Свинковская Нина Анатольевна - оқу ісінінің үздігі
Шайсламова Раиса Шайсламовна - оқу ісінің үздігі, зейнеткер
Бекжігітова Алтынкүл Қошанқызы - зейнеткер
Сағынбекова Написахан Қанабекқызы - зейнеткер
Бейшенова Фатима Бейшеновна - зейнеткер
Әбілдаева Роза Қасымқызы - зейнеткер
Н.в. гоголь атындағы мектептің ұстаздар ұжымы

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Сауалнама
01 октябрь 2018 Мекен жайымыз
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив