25
октябрь
2024
"Отаным баға жетпес байлығым " атты іс - шара



Николай Гоголь атындағы орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай "Отаным баға жетпес байлығым " атты іс - шара ұйымдастырылды. Мектеп директоры Ерханова Гулнара Кездикбаевна ұстаздарды мерекемен құттықтап, алғы сөз айтты." ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылар салтанаты түрде қабылданды. Іс-шарада мектептің оқушылары белсене ат салысты өз өнерлерін көрсетіп,көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады. Республика күні - Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі, 2022 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұрын 1995-2009 жылдары тойланған. Республика күні-Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңына сәйкес Қазақстанда Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіптік және өзге де мерекелер атап өтіледі. Ұлттық мерекелер-Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды еске алу үшін Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізумен сүйемелденеді.