Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2 53 44
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (771) 335 7570
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында « Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқау
28
март
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында « Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқау

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  Байзақ ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 наурызында «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында « Кітап оқитын мектеп» атты аудандық байқау өтті. Байқауға  39 аудан мектептерінен 9-10 сынып  оқушылары арасынан 34 оқушы қатысты.
Байқау кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапханаға келушілер санын ұлғайту, оқушылар мен жастар ортасында кітап оқуды тиімді насихаттайтын білім беру мекемелерін қолдау және мадақтау мақсатында өткізілді.
1-кезең; таныстыру , «Менің сүйікті кітабым» бейнеролик н/е презентация.   Оқырманның өзін-өзі таныстыруы ( уақыт – 5 минут)
2-кезең  - «Абайдың қара сөздері»  М.Әуезовтың  125 жылдық мерейтойына орай ақынның «Абай жолы» шығармасын мәнерлеп оқу. (Уақыт 5 минут)
3-кезең –  «Сөз маржанын терейік...»  (Жасырынған мақал-мәтелдерді табу.)
4-кезең  - Ізден, талаптан, оқырман! Тақырыбында «Суретке қарап, кітапты тап» ойыны (Ұсынылған суреттерден кітаптың авторын, атын, кейіпкерін табу).
Оқушылардың дайындық деңгейін сараптап, жеңімпаздар  анықталды.  Байқау қорытындысы бойынша Николай Гоголь атындағы орта мектебінің 10«Ә» сынып оқушысы Тұңғышбек Хиуаз 2-орын иеленіп, марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив