06
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында "Оқырман отбасы" байқауы
Николай Гоголь атындағы орта мектебінің кітапханасында "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында "Оқырман отбасы" байқауына оқушылар қатысты.Бұл байқауда оқушылар өздерінің бауырларымен "Робинзон Крузо" кітабын оқып,талқылады.Байқауды ұйымдастырған ағылшын пәнінің мұғалімі Шукриева Фая Тофикбековна.Байқаудың мақсаты: Бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, олардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз, сонымен қатар оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу,отбасының қатынасты және ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру.Байқау 4 кезеңнен тұрды.Бұл сайыстан 7 "Б" сынып оқушысы Шукриев Иса 1 орын иеленді,2 орынды 7в Абдуллаева Эсма мен Абдуллаева Эльнара,3 орынды Карадуманова Фатима мен Карадуманова Зухра алды.Қатысқан 2 отбасы алғыс хаттармен марапатталды







