Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2 53 44
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (771) 335 7570
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » Дене шынықтыру-сауықтыру шаралары
27
октябрь
2018

Дене шынықтыру-сауықтыру шаралары

Н.Гоголь атындағы орта мектебінде өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру шаралары, және спорттағы жетістіктері туралы анықтама. 2018-2019-оқу жылы.

Қазан айының 27 күні Көктал орта мектебінде мұғалімдер арасында волейболдан Қ.Қайпулдаевты еске алу турнирі өтті. Бұл турнирге облыс және аудан мектептерінен 8 команда қатысты. Бұл турнирге біздің Талас ауылы Николай Гоголь орта мектебіде ат салысып екінші орын иеленді.

Қараша айның 10 күні Байзақ аудандық спартакиадасы өтті. Николай Гоголь орта мектебінің мұғалімдері қатысып, волейболдан екінші орын иеленді.

24 – қараша 10 – желтоқсан аралығы мектепшілік Ұлттық мектеп лигасы жарысы өткізілді. Жарысқа 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сыныптар қатыстырылды. Жарыстар спорттың волейбол, футзал, баскетбол түрлерінен өткізілді. Жарысқа қатысып жүлделі орын алған оқушылар, командалар марапатталды. Жарыс жоғары деңгейде өткізілді.

25 – қаңтар күні мектепте аймақтық салауатты ұлт салауатты жастар ұранымен баскетбол жарысы өткізілді. Бұл жарысқа аймақтан 6 командасы қатысты. Николай Гоголь атындағы орта мектеп командасы 1 – орын иеленді.

30 – қаңтар күні Байзақ ауданы Байзақ ауылы №4 мектеп гимназиясында «Салауатты ұлт, салауатты жастар» ұранымен баскетбол жарысы өткізілді. Бұл жарыста 6 команда қатысып, Николай Гоголь атындағы орта мектебіның командасы 1 – орын иеленді.

1 – ақпан күні Байзақ аудандық Ұлттық мектеп лигасы жарысы өткізілді. Біздің мектептің қыздар баскетбол командасы қатысып 2 – орын иеленді.

16 – ақпан күні Николай Гоголь атындағы орта мектебімізде 9, 10, 11 сыныптар арасында баскетбол жарысы өткізілді. 1 – орынды 9 «В» сыныбы, 2 – орынды 9 «Ә» және 3 – орынды 10 «Б» сыныбы жеңіп алды. Жеңімпаз командалар марапатталды.

20 ақпан баскетболдан «Тараз Арена» спорткомплексінде қыздар арасында өткізілген Жамбыл облысы чемпионатына мектеп құрама командасы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

Похожие публикации:

23 январь 2019 Онлайн семинар
23 январь 2019 Онлайн шеберхана
20 ноябрь 2018 Мектеп тарихы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив