21
апрель
2022
Әдістемелік нұсқаулықты таныстыру жұмысы
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес Николай Гоголь атындағы орта мектебінде мектеп әкімшілігі тарапынан 4-9сынып білім алушыларының сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне,оқушылар мен ата-аналарына білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықты таныстыру жұмысын жүргізді. 4-9 сынып білім алушыларына мектеп әкімшілігі тарапынан қауіпсіздік ережелері мен әр түрлі мәселелерге байланысты ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. 4-сыныпта білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі-АКТ) қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында оқыту тілінде үш бағыт бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1.Оқу сауаттылығы-10 2.Математикалық сауаттылық-12 3.Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық-8. ОБ ББЖМ бойынша 4-сынып үшін максималды балл саны- 30балл.ОБ ББЖМ 9-сыныпта білім беру ұйымдарында АКТ қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында оқыту тілінде үш бағыт бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмаларының саны: 1.Оқу сауаттылығы-30. 2.Математикалық сауаттылық-13. 3.Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық-32. ОБ ББЖМ 9-сынып үшін максималды балл саны-75 балл











