25
февраль
2022
Колледж мамандарымен кездесу.
24 ақпан күні мектебімізде 9-сынып оқушылары мен ата-аналарына ақпараттық бағытта кәсіптік бағдар беру мақсатында бірнеше колледж мамандары шақырылып, кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Тараз қаласындағы "Аспара " мәнерлік өнер және бизнес колледжі, "Жамбыл индустриалды технологиялық" колледжі, "Тараз теміржол көлік және коммуникация" колледжінің мамандары шақырылды. Кездесуге "Аспара"колледжінің оқытушылары:Саулешов Нұрсұлтан Наметбекович, Әбілдай Алима Нұрланқызы,Есжанова Гульнафиз Хамидуллаевна, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Есенов Бауыржан Нұрланұлы, Тараз теміржол коммуникация колледжі оқу өндіріс шебері: Байжанбаев Нұржан Козыбаевич келді.Олар оқу орындары туралы таныстырылымдар,видеороликтерін көрсетіп, толыққанды ақпараттар беріп өтті. Мектеп директоры: Н. Т. Телтаев колледж мамандарына мектеппен тығыз байланыста кәсіптік ағарту жұмысын жүргізгені үшін алғыс білдірді.









