Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2 53 44
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (771) 335 7570
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » 11-сынып оқушылары «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты.
24
май
2022

11-сынып оқушылары «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты.

23 мамыр М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті Байзақ ауданынының 11 сынып оқушыларына, яғни болашақ абитуренттерге өз есігін айқара ашты.  Ашық есік күні – мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап, «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты. 11 сынып оқушылары университетке түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, білім беру бағдарламасымен бағытынан да хабардар болды.
  Оқытушылар талапкерлерді жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Талапкерлер оқуға түсу үшін межелі балл туралы, оқу бағдарламалары мен академиялық жүктемелер жайлы қажетті ақпарат алды.
 Жоғарғы сынып оқушылары ,педагогтар университет оқытушыларымен сұхбаттасып, олардан нақты әрі толыққанды ақпарат алды.
 Университет қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге  маман дайындау бағыттары мен білім беру бағдарламалары көрсетілді. Талапкерлерге университет музейін аралап , музей меңгерушісі музейді өзі таныстырып, өте жоғары деңгейде ақпарат берді, әрі университеттің әскери кафедрасы бар екендігін, болашақта әскеру кафедраның қажеттігін жетік түсіндірді. 11 сынып оқушылары өз сұрақтарын қойып, толыққанда жауап алды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив