28
февраль
2020
"Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясы
2020 жылдың 27 ақпаны күні Николай Гоголь атындағы орта мектебінде "Алғыс айту" күніне орай мектептің әлеуметтік педагогы Г.Қ.Сағынбекова, С.Мурзакулова және мектеп тәлімгері А.Ү.Күзембаева ұйымдастыруымен "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияны мектеп директоры Н.Т.Телтаев ашып, акцияның көздеген мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен балаларға үлкендер тарапынан қайырымдылық көрсету, оқушыларды бір-біріне қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу арқылы жас ұрпақты ізгі істерге құлшындыру болып табылатындығын айтып, сауапты шараға белсене атсалысуға шақырды. Қайырымдылық шарасында "Жасұлан " ұйымының өнерлі өрендері әсем ән мен күміс күйден шашу шашып, адамгершілік пен мейірімділік туралы өлеңдер оқып, би биледі. Акция барысында жиналған қаршыға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы балаларына, атап айтқанда 24 оқушыға заттай көмек көрсетілді.





